ЖОБА
«Шиелі кентінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті
туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы
29 желтоқсандағы №65/2 шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Шиелі кентінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 921 503 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 116 636 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 804 622 мың теңге;
2) шығындар – 946 931,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -25 428,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 25 428,5 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 25 428,5 мың теңге.».
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |