Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №64/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №64/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7952 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

           1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

           «1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

           1) кірістер – 22 070 382,7 мың теңге, оның ішінде:

           салықтық түсімдер – 2 565 535 мың теңге;

           салықтық емес түсімдер – 147 928 мың теңге;

           негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 22 111 мың теңге;

           трансферттер түсімдері – 19 334 808,7  мың теңге;

           2) шығындар – 22 793 104,5 мың теңге;

           3) таза бюджеттік кредиттеу – 288 384 мың теңге;

           бюджеттік кредиттер – 424 424 мың теңге;

           бюджеттік кредиттерді өтеу – 136 040 мың теңге;

           4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

           қаржы активтерін сатып алу - 0;

            мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

           5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -1 011 105,8 мың теңге;

           6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -                    1 011 105,8 мың теңге;

қарыздар түсімі – 557 286,4 мың теңге;

           қарыздарды өтеу – 144 903,1 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 598 722,5 мың теңге.».

Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
12 октября 2021