Шиелі ауданының мемлекеттік активер және сатып алу бөлімінің атқарылған жұмыстары 01.10.2021 ж.

Шиелі ауданының мемлекеттік активер және сатып алу бөлімінің                атқарылған жұмыстары

01.10.2021 ж. 

 Ағымдағы жыл басынан бері аудан бойынша жалпы сомасы 5 млрд.  067 млн. 890,5 мың теңгені құрайтын 142 мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. Мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы 325 млн 077,8 мың теңгені құраған.

    Ағымдағы жылы өткізілген барлық конкурстың 98% бірыңғай ұйымдастырушымен жүргізілді, қалғаны тапсырыс берушілермен жарияланды.

    Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің ұйымдастыруымен 1 млрд. 489 млн. 355,3 мың теңгені құрайтын 114 ашық конкурс өткізіліп, сатып алу рәсімдерінен 277 млн. 224 мың теңге үнемделген.

    Өткізілген сатып алулар бойынша бүгінгі күнге:

Өтінімдер қабылдау сатысында - 9 сатып алу.

Жеңімпазы анықталып шарт жасалғаны - 85 сатып алу.

Өтінімдер қарау сатысында - 8 сатып алу.

Сатып алу өтпеді деп танылуына байланысты тапсырыс берушілер өзге тәсілмен өткізгені 12 сатып алу. 

Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жасалған қарсылықтар жоқ.

    Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне  шағым түскен конкуртар саны - 39. Шағымдарды қарау нәтжесімен   22 конкурстың қорытындысы қайта қаралған, 17 конкурсқа түскен шағымдар қанағаттандырудан бас тартылған.

 

Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастырумен  3 млд. 578 млн. 535,2 мың теңгені құрайтын 28 сатып алу өткізілген. Мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы 47 млн 853,8 мың теңгені құраған.

Оның ішінде:

Жеңімпазы анықталып шарт жасалғаны- 3 сатып алу.

Өтінімдер қарау сатысында - 1 сатып алу.

Өтінімдер ұсыну сатысында - 12 сатып алу.

Қаржысы тиісті бюджетке қайтарылуына байланысты 12 сатып алудан  бас тартылған.

Дата публикации
12 октября 2021