Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№65/7 «Бәйтерек ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Бәйтерек ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті
1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 95 252 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 7 116 мың теңге;
трансферттер түсімі – 88 136 мың теңге;
2) шығындар – 98 533 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 3 281 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
3 281 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 281 мың теңге.».
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |