«Ортақшыл ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №65/20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Ортақшыл ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №65/20 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8074 болып тіркелген) Шиелі аудандық мәслихатының шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Ортақшыл ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті                    1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер - 42349 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 1897 мың теңге;

         трансферттер түсімі - 40452 мың теңге;

         2) шығындар – 42991 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -642;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 642;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 642 мың теңге.».

         Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
06 сентября 2021