«Талаптан ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №65/13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Талаптан  ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №65/13 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №8030 тіркелген) Шиелі аудандық мәслихатының  шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Талаптан  ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті                    1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:  

1) кірістер – 122 557 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 2 710 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 119 847 мың теңге;

         2) шығындар – 124 175 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1618 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 1618 мың теңге;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1618 мың теңге.».

         Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жығы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі .

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
06 сентября 2021