«Қоғалы ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №65/21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қоғалы ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті

 туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы

29 желтоқсандағы №65/21 шешіміне өзгерістер

енгізу туралы

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Қоғалы ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №65/21(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №8073 тіркелген) Шиелі аудандық мәслихатының шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. Қоғалы ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті                    1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:  

1) кірістер - 57 559 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер - 905 мың теңге;

         трансферттер түсімі - 56 654 мың теңге;

         2) шығындар - 58 131,5 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

         4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) - -572,5 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 572,5 мың теңге;                

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 572,5 мың теңге.».

         Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
03 сентября 2021