«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 109-1-бабы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
«1. Керделі ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті 1,2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 113 726 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 3 543 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 110 183 мың теңге;
2) шығындар – 116 997 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3271;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) -3271;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары- 3271.».
Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |