«Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Шиелі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Шиелі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы №4 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №120000-1200087273 болып тіркелген, 2020 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған  қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»

Шиелi аудандық сайлау

комиссиясымен

«   »                2021 жыл

Дата публикации
31 августа 2021