«Жаңатұрмыс ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №65/23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.«Жаңатұрмыс ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №65/23 (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8033 болып тіркелген) Шиелі аудандық мәслихатының шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Жаңатұрмыс ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 56 853 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 324 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 55 529 мың теңге;
2) шығындар – 57 975 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 122 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 1 122 мың теңге;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1 122 мың теңге.».
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |