«Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылдың 29 қазандағы 30/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
2018 жылғы 29 қазандағы № 30/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6506 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
3-2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3-2.Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәлаендырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Бөлімге немесе порталға тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік бөлім және/немесе портал арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
2) көпбалалы отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
3) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
4) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
5) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
6) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
7) банктік шоты;
8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
9) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
10) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
11) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі аудандық мәслихатының хатшысы Т.Жағыпбаров