Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

       Шиелі аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:

  1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі-кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі- оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) мөлшері ай сайын әр кемтар балаға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
  2. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) өтініші берген айдан бастап тиісті оқу кезеңінде аудан бюджеті қаражаты есебінен тоқсан сайын жүзеге асырылады.  
  3. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі.
  4. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2021 жылғы 25 наурыздағы «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» №84 бұйрығының 3-қосымшасымен “Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу” мемлекеттік қызметін көрсету қағидасына (бұдан әрі-Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.
  5. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат куәландырған сенім хат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін Қағиданың                              3-қосымшасының 8 бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.          
  6. Шығындарды өтеу кемтар балаларға:

1) он сегіз жасқа толғанда;

2) қайтыс болғанда;

3) мүгедектігін алып тастағанды;

4) интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;

5) психологиялық-медициналық-педогогикалық кеңес қорытындысының  мерзімі аяқталғанда;

6) Шиелі ауданының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткенде тоқтатылады.

  1. Осы бұйрықтың 9 қосымшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» №29/16 шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Лауазымы                                                        Аты-жөні

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қызылорда облысының жұмыспен

 Қамтуды  үйлестіру және әлеуметтік

 бағдарламалар басқармасы»

мемлекеттік мекемесімен

Дата публикации
12 июля 2021