Шиелі ауданының ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Шиелі ауданының ауылдық округі

әкімін сайлауы бойынша  сайлау

округін құру туралы 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6 тармақшасына, 21-бабының 4 тармағына, 22-бабына сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шиелі ауданының ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын:

Талаптан ауылдық округі әкімінің – Балаби ауылы шекарасында Талаптан сайлау округі;

  1. Сайлау округінің атауы оның шекарасы, аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп, Шиелі аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Өскен өңір» газетінде жариялансын. 

            Шиелі аудандық сайлау

            комиссиясының төрағасы                                             М.Дулатов 

             Шиелі аудандық сайлау

           комиссиясының хатшысы                                             Э.Бурабаева 

 1 шілде 2021 ж.

№АСК-03/62

Дата публикации
02 июля 2021