Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған
Талаптан ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңының 36 бабы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабын басшылыққа алып, Талаптан ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Шиелі аудандық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Талаптан ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 1 тамызға (жексенбі) тағайындалсын.
- Әкімдікке кандидаттарды ұсыну шілде айының 2-сінде басталып, 16 шілдеде сағат 18:00-де аяқталатын болып, кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін, сайлау күніне 10 күн қалғанда 21 шілдеде аяқталатын болып белгіленсін.
- 2021 жылғы 1 тамызға тағайындалған Талаптан ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу іс-шараларының Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Шиелі аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын және аудандық газетте сайлау туралы хабарлама берілсін.
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Э.Бурабаева
1 шілде 2021 ж.
№АСК-03/63