Көшелерге атау беру туралы

Көшелерге атау беру туралы

        «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының                           14 бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының       2021 жылғы 28 сәуірдегі №1 қорытындысына сәйкес Шиелі кентінің                       әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шиелі ауданы, Шиелі кентіндегі көшелеріне келесі атаулар берілсін:

         1) Шиелі кентіндегі жаңадан ашылған көшесіне «Ақтай Арзықұлов» есімі;

         2) Шиелі кентіндегі жаңадан ашылған көшесіне «Төлепберген Әшірбеков» есімі;

         3) Шиелі кентіндегі жаңадан ашылған көшесіне «Әбдуали Әлжанов» есімі;

         4) Шиелі кентіндегі жаңадан ашылған көшесіне «Әлайдар Каюпов» есімі;

        5) Шиелі кентіндегі жаңадан ашылған көшесіне «Бөрібай Сәмбетов» есімдері берілсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

         3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
17 июня 2021