«Шиелі ауданындағы №№267-303, 363, 364, 365 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау қорытындылары жайлы» аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы №35/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Шиелі ауданындағы №№267-303, 363, 364, 365 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау  қорытындылары жайлы» аудандық

мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы №35/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 мамырдағы №7/27 шешімімен бекітілген

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  1995 жылғы   28  қыркүйектегі Конституциялық заңының 10   бабының 3 тармағына сәйкес  аудандық  мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Шиелі ауданындағы №№267-303, 363, 364, 365 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау қорытындылары жайлы» аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы №35/4 шешімінің қосымшасына төмендегіше өзгерістер енгізілсін:

 Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ұсынған Маликов Асыл Әлібекұлы №275 «Жөлек», Ауланбергенов Даурен Әбдіғаниұлы, Жағыпар Шора Саламатұлы  №277  «Ортақшыл», Жунисбекова Акжайык Қуланбаевна, Бекхожаева Алия Сейдахметқызы №287 «Әйтеке би» учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері болып сайлансын.

  1. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

  Аудандық мәслихаттың                                            Аудандық мәслихат

             сессия  төрағасы                                                         хатшысы 

              Н.Мырзабеков.                                                  Т.Жағыпбаров

Дата публикации
25 мая 2021