Ортақшыл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Ортақшыл ауылдық  округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы 

   «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы №148 Заңының 36 және 36-1 баптарын басшылыққа алып, өкілеттік мерзімі 2021 жылдың 15 маусымда тоқтатылатын Ортақшыл ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізуге байланысты, Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ортақшыл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 14 маусымға тағайындалсын.
  2. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2021 жылдың 15 мамырда басталып, 20 мамырында аяқталсын. Кандидаттарды тіркеу барлық құжаттар алынғаннан кейін дауыс беруге 15 күн қалғанда 2021 жылғы 30 мамырда аяқталатын болып белгіленсін.
  3. Осы қаулы жергілікті баспасөзде жарияланатын болсын.

Комиссия төрағасы М.Дулатов 

Комиссия хатшысы Э.Бурабаева

2021 жылғы 5 мамыр №АСК-03/50

Дата публикации
05 мая 2021