2021 жылдың 1 мамырына аудандық бюджеттің атқарылуы туралы мәлімет

2021 жылдың 1 мамырына аудандық бюджеттің атқарылуы туралы мәлімет. 

Аудандық бюджеттің кірістері 2021 жылға барлығы
21 млрд. 534 млн. 476,0 мың теңге жоспарланды. Ағымдағы жылдың 1 мамырына жоспар 6 млрд. 111 млн. 99,8 мың теңге жоспарланып,
6 млрд. 471 млн. 538,2 мың теңгеге, яғни 105,9 пайызға орындалды. Айырмасы 360 млн. 438,4 мың теңгеге артық орындалған.

Оның ішінде өз кірістеріміз 775 млн. 99,8 мың теңге жоспарланып, 1 млрд. 135 млн. 538,2 мың теңгеге, яғни  
146,5 пайызға орындалды. (Айырмасы 360 млн. 438,4 мың теңге.)  Трансферттік түсімдер жоспары 959 млн. 866,0 мың теңге, субвенция түсімдер жоспары 4 млрд. 376 млн. 134,0 мың теңге толықтай
100 пайызға орындалды.

          Аудандық бюджеттің шығыстары 2021 жылға барлығы
22 млрд. 314 млн. 187,0 мың теңге жоспарланды. Ағымдағы жылдың 1 мамырына жоспар 6 млрд. 69 млн. 767,4 мың теңге, орындалуы
6 млрд. 67 млн. 678,3 мың теңгеге, яғни  орындалуы 100 пайыз. Облыс бойынша басқа аудандармен салыстырғанда алғашқы орында, яғни бірінші орындамыз.

Игерілмеген қаржы 2 млн. 89,1 мың теңгені құрап отыр.

Атап айтқанда:

  • Аудан мәслихатының аппараты - 97,2 пайызға орындап, игерілмеген қаржы 291,5 мың теңге, бұл аппарат шығындарынан үнемделген қаржы;
  • Ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі- 99,9 пайызға орындап, игерілмеген қаржы 278,5 мың теңге, бұл Сұлутөбе ауылдық округіндегі спорт алаңының сараптама қорытындысының бітпеуінен қалған қаржы;
  • Ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі - 99,9 пайызға орындап, игерілмеген қаржы 378,3 мың теңге, бұл аппарат шығындарынан үнемделген қаржы.

Қалған 913,7 мың теңге қаржы қалған бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ағымдағы шығындарынан үнемделген қаржы.

4 деңгей бюджетінің 2021 жылдың 1 мамырына атқарылуы туралы мәлімет. 

2021 жылға барлығы 2 млрд. 67 млн. 154,0 мың теңге жоспарланды. Ағымдағы жылдың 1 мамырына жоспар 471 млн. 767 мың теңге жоспарланып, 543 млн. 927,3 мың теңгеге, яғни 115,3 пайызға орындалды. Айырмасы 72 млн. 160,3 мың теңге.

Оның ішінде өз кірістеріміз 39 млн. 801,0 мың теңге жоспарланып, 111 млн. 961,3 мың теңгеге, яғни 
281,5 пайызға орындалды. (Айырмасы 72 млн. 160,3 мың теңге.)  Трансферттік түсімдер жоспары 15 млн. 790,0 мың теңге, субвенция түсімдер жоспары 416 млн. 176,0 мың теңге толықтай 100 пайызға орындалды.

          2021 жылға барлығы 2 млрд. 133 млн. 5,6 мың теңге жоспарланды. Ағымдағы жылдың 1 мамырына жоспар 474 млн. 595,2 мың теңге, орындалуы 473 млн. 798,2 мың теңгеге, яғни  99,8 пайыз. Игерілмеген қаржы 797,0 мың теңге. Атап айтқанда:

  • Шиелі кент аппараты – 99,7 пайызға орындап, 120,0 мың теңге аппарат шығындарынан үнемделген, 229,1 мың теңге санитарлық шығындардан игерілмеген қаржы;
  • Телікөл ауылдық округ әкімі аппараты – 99,0 пайызға орындап, 116,0 мың теңге, бұл жасалынған жұмыстардан үнемделген қаржы;
  • Бәйгеқұм ауылдық округ әкімі аппараты – 99,5 пайызға орындап, 103,4 мың теңге, елді мекенді көркейтуден үнемделген қаржы;

          Қалған 228,5 мың теңге қаржы қалған ауылдық округтер әкімшілерінің ағымдағы шығындарынан үнемделген қаржы.

4 деңгейлі бюджеттің кірістеріне тоқталатын болсақ,
2021 жылға салықтық түсімдердің нақтыланған жоспары
134 млн. 199,0 мың теңге, 2021 жылдың 1 мамырына жоспарланғаны 39 млн. 801,0 мың теңге, орындалғаны 111 млн. 961,3 мың теңге, яғни 281,3 пайызды құрайды. Салықтық түсімдерді кент және ауылдық округ әкімі аппараттары толық 100 пайызға орындады.

Сұрақ: Төрт айдың қорытындысымен бюджет қаржысын төмен 

                 игерген бюджеттік бағдарлама әкімшілерін атап өтіңіз.

Жауап:

          - Аудан мәслихатының аппараты - 97,2 пайызға орындап,  игерілмеген қаржы 291,5 мың теңге, бұл аппарат    шығындарынан үнемделген қаржы;

  • Аудан әкімінің аппараты - 99,5 пайызға орындап,игерілмеген

қаржы 227,2 мың теңге, бұл жасалатын жұмыстарға мерзімінде келісім шарт жасалмағаннан қалған қаржы;

  • Ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі- 99,9 пайызға орындап, игерілмеген қаржы 278,5 мың теңге, бұл Сұлутөбе ауылдық округіндегі спорт алаңының сараптама қорытындысының бітпеуінен қалған қаржы;
  • Ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі - 99,9 пайызға орындап, игерілмеген қаржы 378,3 мың теңге, бұл аппарат шығындарынан үнемделген қаржы.

4 деңгей бюджеті бойынша

  • Шиелі кент аппараты – 99,7 пайызға орындап, 120,0 мың теңге аппарат шығындарынан үнемделген, 229,1 мың теңге санитарлық шығындардан игерілмеген қаржы;
  • Телікөл ауылдық округ әкімі аппараты – 99,0 пайызға орындап, 116,0 мың теңге, бұл жасалынған жұмыстардан үнемделген қаржы;
  • Бәйгеқұм ауылдық округ әкімі аппараты – 99,5 пайызға орындап, 103,4 мың теңге, елді мекенді көркейтуден үнемделген қаржы;

Сұрақ. Бес айдың қорытындысымен бюджет қаржысын толық игерілуіне кері әсерін тигізетін қаржылары игерілмеу қаупі бар мекемелер бар ма?

Жауап.  Ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде Республикалық бюджеттен бөлінген 136 млн. 361 мың теңге игерілмей қалу қауіпі туындауда. Ш.Қодаманов ауылына газ орнату жұмыстарының тех.надзор жұмысына шағымдану болуда.

 

Сұрақ. Салық түсімдер бойынша болжамдарыңыз қалай, кент және ауылдық округтер бойынша атап өтсеңіз.

Жауап:  2021 жылға салықтық түсімдердің нақтыланған жоспары
134 млн. 199,0 мың теңге. Бүгінгі таңға, яғни 4 ай қорытындысы бойынша 111 млн. 961,3 мың теңгеге орындалуда. Жылдық жоспардың 83,4 пайызы орындалған. 14 ауылдық округтер меншікке салынатын салықтарды жылдық жоспарын толықтай орындаған. (Жуантөбе, Тартоғай, Бәйтерек, Талаптан, Алмалы, Жөлек, Иіркөл, Керделі, Бестам, Ортақшыл, Ақтоған, Жиделіарық, Жаңатұрмыс, Сұлутөбе).

Кент және 8 ауылдық округтер алдағы уақытта толықтай орындауға жұмыстар жасау керек. (Кент, Тұран, Еңбекші, Ақмая, Қарғалы, Телікөл, Майлытоғай, Қоғалы, Бәйгеқұм)

Дата публикации
19 мая 2021