Бәйгеқұм ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Бәйгеқұм ауылдық  округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

      «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 36 және 36-1 баптарын басшылыққа алып, өкілеттік мерзімі 2021 жылдың 15 сәуірде тоқтатылған Бәйгеқұм ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізуге байланысты, Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:Бәйгеқұм ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 26 мамырға тағайындалсын.

Әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2021 жылдың 26 сәуірінде басталып, 1 мамырында аяқталсын. Кандидаттарды тіркеу барлық құжаттар алынғаннан кейін дауыс беруге 15 күн қалғанда 2021 жылғы 11 мамырда аяқталатын болып белгіленсін.

  1. Осы қаулы жергілікті баспасөзде жарияланатын болсын.

Комиссия төрағасы                                                     М.Дулатов

 Комиссия хатшысы                                                     Э.Бурабаева

 

2021 жылғы 19 сәуір №АСК-03/48

Дата публикации
22 апреля 2021