«Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары туралы мәлімет
Құрылыс саласы бойынша
Құрылыс-монтаждау жұмыстары, нысандарды салу
2020 жыл бойынша нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 10 нысанға 1 871 268 249,63 теңге қаржы қаралды.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында
- «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі Шұғыла-2, Шұғыла-3 жəне Шығыс-4 мөлтек аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым дамыту жəне жайластыру. Тас жолдарының құрылысы» жұмысына барлығы 145 881,2 мың теңге қаржы қаралып, толық игерілді. Нысанды ағымдағы жылы пайдалануға қабылдау үшін облыстық бюджеттен қосымша 348 797,5 мың теңге қаржы қажет.
- «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі үш қабатты 18-пәтерлі тұрғын үй құрылысы» жұмысына облыстық бюджеттен
104 323,0 мың теңге қаржы қаралып, толық игерілді. Нысан 2020 жылдың шілде айында пайдалануға берілді.
- «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті Береке шағын ауданында 3 бөлмелі бір пәтерлі 25 тұрғын үй салу» жұмыстарына 233 870,0 мың теңге ағымдағы жылға қаралды. Бас мердігері «СМП-Қызылорда» ЖШС. 2020 жылға қаралған қаржы толығымен игерілді. Нысан 2021 жылға өтпелі.
- «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі 18 пәтерлік 4 тұрғын үй құрылысы» жұмысына республикалық және облыстық бюджеттерден 2020 жылға 195 054 957.79 теңге қаралды. Бас мердігері «Жабдықтау» ЖШС. 2020 жылға қаралған қаржы толығымен игерілді. Нысан 2021 жылға өтпелі.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы
- Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында
«Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай елді мекенінің сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысы» жұмыстарына барлығы
401 172,2 мың теңге (оның ішінде РБ-363 769,2 мың теңге; ОБ-37 403,0 мың теңге) қаржы қаралды. Бүгінгі таңда нысан бойынша 293 дана көру құдықтары орнатылып, қыстақішілік 28,38 шақырым, тұтынушы тұрғын үйлерге дейін 19,26 шақырым ауыз су құбырлары жүргізілді. Нысан 2020 жылы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда барлық ауыл тұрғындары таза ауыз суды пайдаланып отыр.
- Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында
«Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе елді мекенінің сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысы» жұмыстарына барлығы 200 139,98 мың теңге(оның ішінде РБ-174 560,48 мың теңге; ОБ-25 579,5 мың теңге) қаржы қаралды. Бүгінгі таңда нысан бойынша 184 дана көру құдықтары орнатылып, қыстақішілік 18,84 шақырым, тұтынушы тұрғын үйлерге дейін
9,02 шақырым ауыз су құбырлары жүргізілді. Нысан 2020 жылы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда барлық ауыл тұрғындары таза ауыз суды пайдаланып отыр.
Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар
- Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі, Сұлутөбе елді мекенінен М.Шоқай аллеясының құрылысы» жұмыстарына барлығы 50 108 562,74 теңге қаралды. Бас мердігері «Қызылорда Пожсервис» ЖШС. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
- «Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округінің Байсын ауылына жеткізуші газ құбыры және кварталішкілік газ тарату желілерінің құрылысы» жұмыстарына барлығы 204 575 278,68 теңге қаралды. Бас мердігері «Сапақ» ӨК. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
- «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жиделіарық елдімекенінде 150 орындық ауыл клубын салу» жұмыстарына барлығы 180 156 218,60 теңге қаралды. Бас мердігері «Дарен Строй Сервис» ӨК. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
- «Шиелі кенті Бұдабай көшесі №58 мекенжайында стритбол және спорт алаңының құрылысы» жұмыстарына барлығы 10 175 933,12 теңге қаралды. Бас мердігері «АҚ-ЮГ Құрылыс» ЖШС. Нысан ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға берілді.
Сәулет саласы бойынша
Халыққа қызмет көрсету орталығы және egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды рәсімдеу және беру Ережесіне сәйкес 2020 жылдың 12 айында 45 сәулет-жоспарлау тапсырмалары (СЖТ) бекітіліп берілді, эскиздік жобаны бекіту мемлекеттік қызметі - 49, ғимараттарға реттік нөмірлер беру - 780 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Шиелі ауданы бойынша 2020 жылдың 12 айында пайдалануға берілген жеке тұрғын үй құрылысының саны 478, жалпы ауданы 51 38 м2. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,9 пайызға орындалды. Мемлекеттік қызмет түрлері бекітілген стандарттарға сәйкес жүргізілді.