Шиелі ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2022 жылдың І тоқсан бойынша мәліметі
Аудан әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы (құрамында жергілікті өкілді және атқарушы орган басшылары, құқық қорғау органдары басшылары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері) құрылған. Ағымдағы жылы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Жыл басынан аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 1 отырыс өткізілді.
Сонымен бірге, бекітілген кестеге сай аудан тұрғындарын өздерін толғандырып жүрген әртүрлі мәселелермен жеке қабылдауды тұрақты түрде өткізіліп отырылады.
Аудандық қоғамдық кеңес (елді мекендерде) аудандағы жалпы қылмыс жағдайының жай-күйі туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша мәселелерді қарап, нәтижесімен мемлекеттік органдарға жүйелі түрде бірқатар ұсыныстар беріліп келеді.
Аудан әкімдігінде бюджет, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамалары талаптарын түсіндіру мақсатында, мемлекеттік қызметшілерге арналған 2 құқықтық оқыту өткізілді. Аудандық «Өскен Өңір» газетіне тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдардың және құқық қорғау органдарының «Сенім» телефондары мен жеке, заңды тұлғаларды қабылдау кестелері беріліп отыр.
Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыптарында жергілікті баспасөз бетінде (аудандық «Өскен Өңір» газеті) 5 мақала жарияланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралардың ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыру, бұл ретте мекемелердің интернет-ресурсында арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау және мемлекеттік органдарда атқарылған жұмыстар жөнінде есепті жария ету үшін аудан әкімдігінің веб-сайтында (shieli.gov.kz) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі тұрақты түрде жұмыс істеп, аудан көлеміндегі бөлімдер мен кент, ауылдық округі әкімі аппараттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы, өткізілген іс шаралар жөнінде мәліметтер баршаға қолжетімді үлгіде электрондық нұсқасы қазақша, орысша екі тілдегі мәтінде тоқсан сайын орналастырылып, мерзімінде өзектендіріліп, ақпараттар жаңартылып отыр.
Барлық мемлекеттік мекемелер ғимараттарында жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған пошта жәшігі орнатылған.
Аудандағы барлық елді мекендер орталықтарында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауды насихаттау мақсатында 4 – дана көрнекі ақпараттық бильборд ілінген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар өз деңгейінде жалғасын табатын болады.