Көшелерге атау беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының  4) тармақшасына және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес Бәйтерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шиелі ауданы, Бәйтерек ауылдық округі, Бидайкөл ауылының келесі көшелеріне:

1) атауы жоқ көшеге «Оқшы ата» атауы;

2) атауы жоқ көшеге «Сейхұн» атауы;

3) атауы жоқ көшеге «Сығанақ» атауы;

4) атауы жоқ көшеге «Қаратау» атауы;

5) атауы жоқ көшеге «Мәжит Сәмбетов» есімі;

6) атауы жоқ көшеге «Ремет Балтеев» есімі берілсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
25 февраля 2021