Жетінші шақырылған Қызылорда облысы
Шиелі аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті
сайлауының қорытындылары және партиялық тізімдер
бойынша дауыс беру қорытындыларына қарай Қызылорда
облысы Шиелі аудандық мәслихатының депутаттық мандаттарын бөлу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық 9, 14, 44, 111, 111-1 баптарына сәйкес, қоса тіркелген Шиелі аудандық сайлау комиссиясының Шиелі ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Халық партиясы» - 5334 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 13,34 пайызы;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 2095 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5,24 пайызы;
«ADAL» саяси партиясы – 1068 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 2,67 пайызы.
«Nur Otan» партиясы – 31 491 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 78,75 пайызы;
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының жеті және одан жоғары пайызын алған саяси партиялар белгіленсін:
«Nur Otan» партиясы – 78,75 пайыз;
«Қазақстан Халық партиясы» – 13,34 пайыз;
«Қазақстан Халық партиясы» – 2 мандат
«Nur Otan» партиясы – 13 мандат.
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Э.Бурабаева
2021 жылғы 13 қаңтар №АСК-03/43