Көшеге атау беру туралы

Көшеге атау беру туралы                   

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы
8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес Жуантөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шиелі ауданы, Жуантөбе ауылдық округі, Алғабас ауылының атауы жоқ көшелерге «Сарыарқа», «Қазығұрт», «Көктөбе» «Оқжетпес», «Хантау» атаулары берілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жуантөбе ауылдық округінің әкімі                                                                  Ә.Бегайдаров

Дата публикации
11 февраля 2021