Мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша анықтама 2020 жылдың 12 айына

Мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша анықтама 2020 жылдың 12 айына 

        Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алудың веб-порталына тіркелген Шиелі ауданы әкімдігіне қарасты тапсырыс берушілердің жалпы саны 92, оның 38-і мемлекеттік мекемелер болса, 54-і оларға қарасты мекемелер мен кәсіпорындар.

      Аудан бойынша ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алуға жоспарланған қаржы 10 млрд. 612 млн. 607,6 мың теңгені құрап отыр.  

       Оның ішінде:                           

       Конкурс тәсілі - 133 (229 лот), 5 587 012 197,14 теңге. (52,7 %)

         (Оның ішінде Жол картасымен - 2 143 645 480,2 тг. 38,4%)

       Аукцион тәсілі -7 (7-лот), 214 580 522,86  теңге.  (2,0 %)

       Әлеуметтік тапсырыс -9 (9-лот),  31 828 214,29  теңге. (0,3 %)

       Баға сұранысы тәсілі - 947 (947-лот), 437 339 494,02 теңге. (4,1 %)

       Тауар биржасы тәсілі - 28 (28-лот), 160 431 706,68 теңге. (1,5 %)

       Тікелей бір көзден шарт жасау- 6925 лот, 4 181 415 547,62 тг. (39,4 %)

       Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген конкурстар (аукциондар) саны - 95. (169 лот), сомасы 1 699 844 057,0 теңге. Конкурс (аукцион) қортындысымен тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуға 90 шарт жасалған (ҚҚС-сыз 1 298 249 154,07 тг), 5-сатып алудан бас тартылған. Үнемделген қаржы 252 926 557,0 теңге. (14,8 %).

       Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен  өткізілген сатып алулар саны - 37 (62 лот), жалпы сомасы - 3 929 938 558,0 теңге.

       Конкурс (аукцион) қорытындысына сәйкес тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуға 37 шарт жасалған (ҚҚС-сыз 3 502 017 030,29 тг). Үнемделгені - 347 601 256 тг. (8,8 %)

       2020 жылы 8 конкурсқа (18 лот) Қызылорда облысы бойынша  Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің заң бұзушылықты жою туралы хабарламасы келіп түскен.  Оның ішінде:

       -Шағымдарды қарау нәтижесі бойынша қорытындысы қайта қаралғаны-3 конкурс (8-лот), 

       -Конкурстық құжаттамаға өзгерту жасалғаны-4 конкурс (4-лот),

       -Болдырылмаған (Отменено) сатып алулар- 1 конкурс (6-лот).

Дата публикации
22 января 2021