«Шиелі ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 6 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер енгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2025 жылдың 01 шілдесінен – 2026 жылдың 01 шілдесі аралығындағы жұмыс кезеңіне «Шиелі ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіндігін хабарлайды.