2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Шиелі ауданы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі   іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Шиелі ауданы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі   іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының
2), 8) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/99 «
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысын, Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы отырысының 2026 жылғы 13 қазандағы №12 хаттамасын негізге алып, Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Шиелі ауданы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы Шиелі ауданы бойынша Шиелі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.    

3. Осы қаулы Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

 

Төраға                                                      М.Дулатов

 

                Хатшы                                                        Е.Оспанов

 

 

 

Шиелі кенті,

2026 жылғы 13 қазан,

№ АСК-26/140

Қаулы
Дата публикации
13 октября 2026