«Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы» Шиелі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

«Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы» Шиелі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

     «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12590 нөмірімен тіркелген) сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы» Шиелі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы
    № 345 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6657 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы»;

көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А.Н. Жандарбековке жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

                   Шиелі ауданының

                              әкімі                                                       Қ. Мүбараков  

Дата публикации
25 декабря 2020