Шиелі ауданының 2026 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларының жүзеге асырылуы туралы АНЫҚТАМА

01.10.2026 жылға арналған ақпарат

  

Шиелі ауданының 2026 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларының жүзеге асырылуы туралы

АНЫҚТАМА 

                Статистикалық мәліметтер бойынша ауданда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 864, жұмыспен қамтылған халық саны
35 148 (жалдамалы жұмысшылар 23 370, өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны
11 778), жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайыз немесе 1716 адамды құрады.

         Мансап орталығына 2026 жылы 6091 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, 1426 азамат тұрақты жұмыс орындарына орналастырылса,
774 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (ақылы қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, күміс жас) тартылды.

Бизнес-идеяларды дамытуға қайтарымсыз гранттар беру жоспарына сәйкес 70 азаматқа 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз гранттар беру жоспарланды.

«Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан портал арқылы (жоспар 368) 307 азамат онлайн түрде оқуға жолданды.

Электронды еңбек биржасы (skills.enbek.kz платформасы) порталы арқылы онлайн оқу бойынша (жоспар 427) 482 азамат онлайн түрде оқытылды.

Ағымдағы жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 40 азаматты жолдау жоспарланды, 2 адам жолданды.

Ағымдағы жылы «Күміс жас» жобасына 80 адамды жолдау жоспарланып, 30 адам жолданды.

Жастар практикасына 170 азаматты жолдау жоспарланып, 467 азамат (2025 жылдан келісімшарты өтпелі 268, 2026 жылы жолданғаны 199) уақытша негізде жұмысқа жолданды.

Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 550 азаматты жолдау жоспарланып, 543 азамат әр түрлі техникалық құжаттарды түптеу-реттеу, санитарлық тазалық, жұмыстарына жолданды.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысатын кәсіпорындар құрамындағы жеке сектордың үлесін ұлғайту бойынша
2026 жылы субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға
343 мекемемен қаржыландыру шарттары жасалды оның ішінде 179 жеке сектордағы мекеме немесе 52,2 пайызды құрады.

Өңірлік жұмыспен қамту картасы» шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар туралы 2026 жылы аудан бойынша жүзеге асырылуы жоспарланған жобалар - 20 жоба. Жобалар бойынша жоспарға сәйкес 184 жаңа жұмыс орны құрылуы тиіс. Оның 64 тұрақты, 125 уақытша орын. Бүгнгі күнге 166 адам жолданып, жұмыс жасауда.

2026 жылы жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында
35 жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланды.

Мемлекет басшысының экономикалық өсімді қалпына келтіру және Қазақстандықтардың нақты табыс деңгейін арттыру аясында 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылға 1021 жұмыс орны жоспарланып, бүгінгі күнге 767 жаңа жұмыс орны құрылып, немесе 75,1 пайызды құрады.

Дата публикации
08 октября 2026