«2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы №48/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы №48/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 

«Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 109-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы №48/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7047 нөмірімен тіркелген, 2019 жылы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

           1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

           «1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

           1) кірістер - 25 342 068,0 мың теңге, оның ішінде:

           салықтық түсімдер - 2 247 514 мың теңге;

           салықтық емес түсімдер – 7 155,3 мың теңге;

           негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 22 000 мың теңге;

           трансферттер түсімдері - 23 065 398,7 мың теңге;

           2) шығындар - 25 525 359,0 мың теңге;

           3) таза бюджеттік кредиттеу - 246 668,5 мың теңге;

           бюджеттік кредиттер - 360 755 мың теңге;

           бюджеттік кредиттерді өтеу - 114 086,5 мың теңге;

           4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

           қаржы активтерін сатып алу - 0;

            мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

           5) бюджет тапшылығы (профициті) -- 429 959,5 мың теңге;

           6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -                    429 959,5 мың теңге;

қарыздар түсімі - 360 755 мың теңге;

           қарыздарды өтеу - 114 086, 5 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары -183 291 мың теңге».

Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Шиелі аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы

 

М. Салқынбаев

Аудандық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы

 

П. Маханбет

Дата публикации
24 декабря 2020