Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық
дамуы туралы анықтама
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 85 243 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 35 154 адам, ауылдық елді – мекендерде 50 089 адам тұрады.
2026 жылдың 1 қыркүйекке ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша
Аудандық бюджеттің кірісі 2026 жылдың 1 қыркүйекке болжамдалған 8 млрд 248 млн 768 мың теңгенің орнына 9 млрд 034 млн 340 мың теңгеге немесе 109.5 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 4 млрд 987 млн 040 мың теңгенің орнына 5 млрд 551 млн 819 мың теңге болып 111.3 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша
Аудан бюджетінің шығысы ағымдағы жылдың 1 қыркүйекке жалпы 8 млрд 248 млн 768 мың теңгеге жоспарланды.
8 айдың қорытындысымен 8 млрд 247 млн 188 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 8 айында 63 млрд. 287 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2025 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 99,7 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 54 млрд 508 млн. теңгеге жетіп, 102,1 пайызға артты;
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
58 млрд. 897 млн теңгені құрады немесе 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,5 пайыз;
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 18 млрд. 269 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 116,3 пайыз;
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 52525 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,2 пайыз;
Бөлшек сауда көлемі 10 млрд. 205 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,7 пайыз;
Ауылшаруашылық саласы
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 21 млрд. 530 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 101,5 пайызды құрады.
2026 жылдың 1 қыркүйеккетірілей салмақта 3261,8 тонна ет, 7504,0 тонна сүт, 1800,2 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 104,4 пайызға, сүт 104,2 пайызға, жұмыртқа 115,8 пайызға орындалған.
Мал шаруашылығы
2026 жылдың 1 қыркүйекке ірі қара 86546 басты, уақ мал 126031 басты, жылқы 28274 басты, түйе 1823 басты, құс 27496 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 95,6 уақ мал 90,3, жылқы 106,5, түйе 97,5, құс 85,5 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік
2026 жылдың 1 қыркүйекке ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 5641 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 86,4 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-3660, шаруа қожалық-1383, заңды тұлға-598) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 5496-ны құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 97,4 % -ға жетті.
Әлеуметтік сала
Аудан бойынша халық саны 85 243. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 864, жұмыспен қамтылған адам 35 148. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 23 370, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 11 778 адам.
Жұмыссыздық деңгей (1 716 адам) 4,7 пайызды құрады.
Мемлекет басшысының экономикалық өсімді қалпына келтіру және Қазақстандықтардың нақты табыс деңгейін арттыру аясында 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылға 1021 жұмыс орны жоспарланып, бүгінгі күнге 686 жаңа жұмыс орны құрылып, немесе 67,2 пайызды құрады.