Алмалы ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

Алмалы ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 75-бабының           2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының               2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алмалы ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 38 368 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 2083 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 36 285 мың теңге;

2) шығындар – 38 368 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;

қарыздар түсімі - 0;

қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 0.

  1. Аудандық бюджеттен Алмалы ауылдық округінің бюджетіне берілетін субвенциялар көлемдері 2021 жылға 36 285 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
23 декабря 2020