Бәйтерек ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

ЖОБА 

Бәйтерек ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы        

 «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 75-бабының
2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Бәйтерек ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 42 394 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 316 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 39 078 мың теңге;

2) шығындар - 42 394 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;

қарыздар түсімі - 0;

қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 0.

  1. Аудандық бюджеттен Бәйтерек ауылдық округінің бюджетіне берілетін субвенциялар көлемдері 2021 жылға 37 130 мың теңге сомасында белгіленсін.
  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
23 декабря 2020