Шиелі ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 04 маусымдағы «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №130-қ Қаулысы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес,
сондай-ақ, «Қызылорда облысының білім басқармасының
«Шиелі ауданы бойынша бөлім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы №1-10/54 хатын қарап,
Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы Сапарбаев Табигатқа 2015 жылғы 23 желтоқсандағы жер учаскесін сатып алу –сату шарты негізінде жеке меншік құқығымен берілген, Шиелі кенті, Смайыл Кәрімбаев көшесі №37 мекенжайында орналасқан көлемі 0,0572 гектар объектілер құрылысы үшін (кадастрлық нөмірі 10-154-003-655) жер учаскесін
«№46 А.С.Пушкин» атындағы мектеп лицейіне қосымша оқу ғимаратын салу мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 05 қыркүйек болып белгіленсін.
- Жер учаскесінің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жүгінетін орын Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесі №11 мекенжайда орналасқан «Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекттік мекемесі болып белгіленсін.
- «Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
- «Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі ауданының әкімі А. Жандарбеков