Қосымша білім беру ұйымдары бойынша
Бала тәрбиесінде жақсы нәтижеге қол жеткізудің бір жолы-олардың бос уақытын пайдалы істермен ұйымдастыру. Бұл ретте, балалардың қосымша біліммен қамтылуы: өнер, таным, спорт шараларына қатысуы маңызды роль атқарады.
Ауданда қосымша білім беру қызметін 3 мекеме жүзеге асырады, оның ішінде 1 балаларға арналған оқушылар үйі, 1 балаларға арналған әуез мектебі және 1 балалар тынығу лагері жұмыс істейді. Аталған ұйымдарда барлығы 25 үйірме жұмыс жасайды, онда аудан мектептері бойынша 2329 бала білім алады. Оқушылар үйі 25 үйірме бар, онда 1029 бала білім алады, Әуез мектебінде 600 оқушы, Сыр ұланы 700 бала қамтылған.