Еңбекші ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

Жоба

Еңбекші ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

         «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 75-бабының           2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының               2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған Еңбекші ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 31 404 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер - 2015 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 29 389 мың теңге;

         2) шығындар – 31 404 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 0;

2 Аудандық бюджеттен Еңбекші ауылдық округінің бюджетіне берілетін субвенциялар көлемдері 2021 жылға 29 389 мың теңге сомасында көзделсін.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
21 декабря 2020