Шиелі ауданының 2020 жылғы 1 желтоқсанға әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жайлы анықтама

Шиелі ауданының 2020 жылғы 1 желтоқсанға әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жайлы анықтама

         БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ                                                  

         Аудандық бюджеттің кірісі 2020 жылғы 1 желтоқсанға болжамдалған 22 742,5 млн. теңгенің орнына 23 330,8 млн. теңгеге немесе 102,6 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 2 010,5 млн. теңгенің орнына 2 597,8  млн. теңге болып 129,2  пайызға орындалды. 

Есепті мерзім ішінде аудандық бюджет шығысы 24 317,6 млн. теңгеге немесе 99,1 пайызға (болжам 24 542,9 млн. теңге) игерілді.

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ  ЖӘНЕ  КӘСІПКЕРЛІК

Ауданның өнеркәсіп орындары есепті мерзім ішінде 33 817,0 млн. теңгенің өнімін өндірді, тиісті кезеңге 111,0 пайыз. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 13539  млн. теңгенің өнімі өндірілді, тиісті кезеңге 167,1 пайыз.

2020 жылғы 1 желтоқсанға ауданда кәсіпкерліктің 5180 субъектісі тіркелген, тиісті кезеңге 108,9 пайыз, онда 9241 адам жұмыспен қамтылып отыр, тиісті кезеңге 118,2  пайыз.

Индустриаландыру бағдарламасына сәйкес өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру бағытында ауданда 5 жоба жүзеге асырылуда.

  1. «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-ның жобалық құны 64 млрд. теңгені құрайтын жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығару зауыты. Қазіргі таңда зауытта 255 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. (Оның 211 қазақстан азаматы, 44 ҚХР өкілдері.)

Бүгінгі күні цемент зауытынан 91 мың тонна цемент өндіріліп, жергілікті бюджетке 54,7 млн. теңге салықтық түсімдер түсті.

  1. «Фирма Балауса» ЖШС-нің «Бала сауысқандық кешенінде қара тақта тасты автоклавты өңдеу» жобасы. Мемлекеттік қолдау ретінде Инвестициялық преференциялар алуға министрлікпен келісім жасалды. 2019 жылы 1209,0 млн. теңгеге 164,6 тонна аммоний метованадаты Ресей мен Ұлыбритания елдеріне экспортталды.
  2. «Тан ЛТД» ЖШС-ның жобалық құны 397 млн. теңгені құрайтын «Күріш және құрама жем өндірісі» жобасының қуаттылығы жылына 9 мың тонна күріш ақтау және 3 мың тонна құрама жем өндіру. Жоба толықтай іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылатын болады. Мемлекет тарапынан Қаратау беткейінен 30 га жер телімі зауыт құрылысы үшін, ал  5 000 га жер телімі егіндік мақсатта табысталды.

«КазАгроФинанс» АҚ арқылы 5 дана аулшаруашылық техникалары сатып алынды. Қазіргі таңда кәсіпорын Ресей мемлекетінен құрама жем өндірісіне қажетті заманауи жабдықтарды алу жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар 2019 жылы 1000 га жер теліміне жоңышқа және мақсары дақылдары егілді.

  1. «Сыр Агро и К»ЖШС-нің «1200 басқа арналған тауарлы сүтфермасын құру және кеңейту» жобасы индустриалды-инновациялық даму Картасына 2019 жылы сәуір айында енгізілді. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Шиелі ауданынан 500 га жер телімін табыстау шешімі қабылданды. Бүгінгі күні жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Ферма құрылысы 60% -ға аяқталды.
  2. «Rіno Asia» ЖШС-нің «Керамикалық плиталар өндіру зауытын салу» жобасы индустриалды-инновациялық Картаға 2019 жылы сәуір айында енгізілді. Жоба түрік «Юлдызлар СС» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Шиелі ауданынан 100 га жер телімін табыстау шешімі қабылданды.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

2020 жылдың  1 желтоқсанға ауылшаруашылығы саласы 30 653,2 млн. теңгенің өнімін өндірді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,7  пайыз. 

2020 жылдың 1 желтоқсанға ірі қара 64169 басты, уақ мал 92289 басты, жылқы 17560 басты, түйе 1505 басты, құс 37460 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 108,1, уақ мал 108,3, жылқы 114,9, түйе 100,1  пайызды құрады.

2020 жылғы 1 желтоқсанға тірілей салмақта 4776,1 тонна ет, 18601,1 тонна сүт, 2455,1 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 101,1 пайызға, сүт 101,6 пайызға, жұмыртқа 100,9 пайызға  орындалған.

ИНВЕСТИЦИЯ, ҚҰРЫЛЫС

2020 жылғы 1 желтоқсанға негізгі қорға барлығы 11 684,0 млн. теңге инвестициялық қаржы салынды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,5  пайыз.

Жалпы ауданы 50144 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, тиісті кезеңмен салыстырғанда  105,2  пайыз.

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 2020 жылғы 1 желтоқсанға 5810,0 млн. теңге статистикалық мәліметтермен өткен жылдың  тиісті кезеңіне 20,5 пайыз.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Аудан бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 38003 экономикалық белсенді халықтың 36156 адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 1847 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрайды.

2020 жылы 2000 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімге 2278 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 113,9 пайызға орындалды.

Дата публикации
20 декабря 2020