Қарғалы ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

Жоба 

Қарғалы ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 75-бабының
2- тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының
2-7- тармағына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған Қарғалы ауылдық округінің бюджеті
    1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 32 305 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 609 мың теңге;

трансферттер түсімі – 31 696 мың теңге;

2) шығындар – 32 305 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;

қарыздар түсімі - 0;

қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 0;

  1. 2021 жылға арналған аудандық бюджеттен Қарғалы ауылдық округ бюджетіне берілетін субвенциялар көлемі 31 696 мың теңге сомасында көзделсін.
  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
20 декабря 2020