Шиелі ауданының 2026-2028 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

Құрметті сайт оқырмандары!

Шиелі ауданының 2026-2028 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

Сіздердің назарларыңызға  аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштері, бюджеттік қаражатты қалыптастыру және жұмсау бағыттары туралы ақпараттан тұратын Шиелі ауданының 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады.

Шиелі ауданының «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихаты сессиясының 2026 жылғы 5 маусымдағы кезектен тыс сессиясының №46/2 шешімімен бекітілді.

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

Аудан бюджетінің негізгі параметрлері;

Аудан бюджетінің түсімдері;

Аудан бюджетінің шығыстары. 

Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.

Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 85400 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 35300 адам, ауылдық елді – мекендерде 50100 адам тұрады. 2025 жылдың 1 шілдесіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.

Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.

Қаржы-салық саясаты.

Кірістер бойынша:

Аудандық бюджеттің кірісі 2026 жылдың 1 шілдеге болжамдалған 6 млрд. 602 млн. 835 мың теңгенің орнына 6 млрд. 602 млн 206 мың. теңгеге немесе 100 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 3 млрд 767 млн. 436 мың. теңгенің орнына 4 млрд. 179 млн. 949 мың теңге болып 110,9  пайызға орындалды.

Шығыстар бойынша:

Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 шілдеге жалпы
6 млрд. 602 млн. 835 мың теңгеге жоспарланды. 6 айдың қорытындысымен  6 млрд. 602 млн. 206 мың теңгеге немесе 100,0 пайызға орындалды.  

Өнеркәсіп өнімін өндіру.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 6 айында 44 млрд. 6 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2025 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 99,5 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 37 млрд 848 млн. теңгеге жетіп, 101,2 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
37 млрд. 484 млн теңгені құрады немесе 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 99,7 пайызды құрады.

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 13 млрд 215 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,2 пайызды құрады.

Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 37753 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,5 пайызды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 6 млрд. 971 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100 пайызды құрады.

Ауылшаруашылық саласы.

Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 5 млрд. 711 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 105,1  пайызды  құрады.

2025 жылдың 1 шілдеге тірілей салмақта 2382,5 тонна ет, 5377,3 тонна сүт, 1320,2 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 105,0 пайызға, сүт 104,8 пайызға, жұмыртқа 122,8 пайызға  орындалған.

Мал шаруашылығы

            2026 жылдың 1 шілдеге ірі қара 85734 басты, уақ мал 130061 басты, жылқы 29151 басты, түйе 1842 басты, құс 28996 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 100,6 уақ мал 91,2, жылқы 107,4 түйе 98,5  пайызды құрады.

Шағын кәсіпкерлік.

2026 жылдың 1 шілдеге ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 5747 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 90,3 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-3740, шаруа қожалық-1416, заңды тұлға-591) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны  5564-і құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 96,8 % -ға жетті.

Әлеуметтік сала

Аудан бойынша халық саны 85 400. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 864, жұмыспен қамтылған адам 35 148. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 23 370, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 11 778 адам.

Жұмыссыздық деңгей (1 716 адам) 4,7 пайызды құрады.

Мемлекет басшысының экономикалық өсімді қалпына келтіру және Қазақстандықтардың нақты табыс деңгейін арттыру аясында 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылға 1021 жұмыс орны жоспарланып, бүгінгі күнге 258 жаңа жұмыс орны құрылып, немесе 25,3 пайызды құрады.

Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындылары жайлы мәліметі

 
 

р/н

Атауы

2025  жыл                    1   шілдеге 

2026  жыл                    1   шілдеге 

 %

 

I

Өнеркәсіп өнімін өндіру, млн. теңге  (нақты көлем индексімен)

36631,0

44006,0

99,5

 

 

 

 

 

 

 

2

Өңдеуші өнеркәсібі, млн. теңге

30301,0

37848,0

101,2

 

 

 

 

 

 

 

II

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, млн.теңге

5017,2

5711,5

105,1

 

 

 

 

 

 

 

2

Мал шаруашылығы, мал саны (бас)

 

 

 

 

2.1

Ірі қара мал

85187

85734

100,6

 

2.2

Қой-ешкі

142663

130061

91,2

 

2.3

Жылқы

27130

29151

107,4

 

2.4

Түйе

1870

1842

98,5

 

2.5

Құс

33669

28996

86,1

 

 

 

 

 

 

 

3

Мал шаруашылығы, мал өнімі

 

 

 

 

3.1

Ет (тірілей салмағымен), тн

2268

2382,5

105,0

 

3.2

Сүт, тн

5129,6

5377,3

104,8

 

3.3

Жұмыртқа, мың дана

1075,5

1320,2

122,8

 

 

 

 

 

 

 

III

Құрылыс, инвестиция

 

 

 

 

1.

Жеке тұрғын үй құрылысы,жалпы ауданы, шаршы метр

36142,0

37753,0

104,5

 

2.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі, млн теңге

11724,0

13215,0

105,2

 

3.

Негізгі капиталға салынған инвестиция, млн теңге

34890,0

37484,0

99,7

 

 

 

 

 

 

 

IV

Бөлшек сауда көлемі, млн. теңге

6319,7

6970,6

100,0

 

 

 

 

 

 

 

V

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерліқ субьектілерінің саны, барлығы (статистикалық мәліметпен):

6365

5747

90,3

 

1.

 заңды тұлға

556

591

106,3

 

2.

 шаруа кожалықтары

1511

1416

93,7

 

3.

 жеке кәсіпкерлер

4298

3740

87,0

 

4.

жұмыс істейтін адам саны

10250

10300

100,5

 

 

 

 

 

 

 

VI

Жұмыспен қамту

 

 

 

 

1.

хабарласқандар саны

4049

3925

96,9

 

2.

қоғамдық жұмысқа жолдама алғандар, саны

936

541

57,8

 

3.

жұмысқа орналасқандар, саны

703

956

136,0

 

4.

жұмыссыздар саны

1716

1716

100,0

 

5.

жұмыссыздық деңгейі, пайыз

4,7

4,7

100,0

 

 

 

 

 

 

 

VII

Бюджет

болжам

нақты

 

 

1.

Жергілікті бюджет кірісі, мың теңге

6602835,4

6602206,7

100,0

 

2.

Оның ішінде: өз кірістері, мың теңге

3767436,3

4179949,0

110,9

 

3.

Жергілікті бюджет шығысы, мың теңге

6602835,4

6602206,7

100,0

 

 

 

 

 

 

 

 

2026-2028  жылдарға арналған Шиелі ауданы бюджетінің негізгі параметрлері

 Мың теңге

 

Атауы

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

 

 

болжам

болжам

Түсімдер оның ішінде:

9 999 878,4

9096544

14339091

1. Кірістер, оның ішінде:

6732249

9096544

5085772

Салықтық түсімдер

 6597326

6597326

5034942

Салықтық емес түсiмдер

82423

84319

19926

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

52500

55571

30904

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

3267629,4

449835

9253319

Субвенция

914862

4983010

5331821

Жоғарғы бюджеттен нысаналы трансферттер түсімдері

2352190,9

3664951

3921498

 

     

Шығыстар

9458949,3

7431314

14339091

оның ішінде:

     

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

1533060,9

1774684

1898912

Қорғаныс

26551,0

13922

14896

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

106513

37455

40077

Бiлiм беру

0

0

0

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

1655412,0

2483387

2657224

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

638216,6

587556

628685

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

1518132,7

2142747

2292739

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

150000,0

91440

97841

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

139432,9

1223204

1308828

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

296278,7

96850

103629

Көлiк және коммуникация

1328502,0

1798423

1924312

Басқалар

10000,0

1455044

1556897

Борышқа  қызмет көрсету

293859,0

134220

143615

Трансферттер

1763287,5

1562089

1671435

 

«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына сәйкес 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесілер құрылды:

Жалақының ең төмен мөлшері – 85 000  (2025 жылы - 85 000) теңге;

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 35 596 (2025 жылы – 32 365) теңге;

Зейнетақының ең төмен мөлшері –  69 049 (2025 жылы - 62 771) теңге;

айлық есептік көрсеткіш  – 4 325 (2025 жылы – 3 932) теңге мөлшерінде;

ең төменгі күнкөріс деңгейі –   50 851 (2025 жылы – 46 228) теңге.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

Аудандық бюджет – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және ауданның деңгейінде бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету. 

Аудандық бюджеттің түсімдері және шығындары

2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне, «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына, «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 09 желтоқсандағы №199 шешіміне сәйкес, 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және ауданның бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Аудандық бюджеттің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, облыс халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

«2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2026 жылғы 5 маусымдағы №46/2 шешімімен бекітілді.

Түсімдері

2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа және да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 98 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық бюджетке өзгерістер енгізілді.

2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеттің өз кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) төмендегідей көлемде белгіленді.

2026 жылға –3 767 436 мың  теңге;

2027 жылға – 4 664 215 мың  теңге;

2028 жылға – 4 897 428 мың теңге.

Аудандық бюджеттің салықтық түсімдерінің ең үлкен мөлшерін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық құрайды.

Алдағы үш жылдық кезеңге аудандық бюджеттің облыстық бюджетпен қатынасы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша нормативтік аударымдар аудару арқылы реттелуде, оның ішінде:

облыстық бюджетпен:

101.201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» және 101.205 «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» кодтары бойынша 50 пайыз, облыстық бюджетке 50 пайыз;

101.202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша толығымен аудандық бюджетке 100 пайыз;

103.101 «Әлеуметтік салық» коды бойынша 50 пайыз, облыстық бюджетке
50 пайыз.

Сонымен бірге республикалық бюджет қаржысы есебінен ауылдық елді мекендердегі мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілген бюджеттік кредиттер бойынша 164 350 мың теңге қаралды.

Бюджеттік кредиттерді өтеу санаты бойынша 2026  жылға заңды тұлғаларға жергілікті бюджеттен республикалық бюджеттің қаржысы есебінен ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілген бюджеттік кредиттердің өтеуі 278 210 мың теңге көлемінде белгіленді.

Ақпарат
Дата публикации
17 июля 2026