Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 85 437 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 35 442 адам, ауылдық елді – мекендерде 49 995 адам тұрады.
2026 жылдың 1 маусымға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2026 жылдың 1 маусымға болжамдалған 4 млрд. 914 млн. 271 мың теңгенің орнына 5 млрд. 580 млн 221 мың. теңгеге немесе 113,6 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 2 млрд 927 млн. 369 мың. теңгенің орнына 3 млрд. 636 млн. 263 мың теңге болып 124,2 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 маусымға жалпы
5 млрд. 355 млн. 432 мың теңгеге жоспарланды. 5 айдың қорытындысымен 5 млрд. 354 млн. 847 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 5 айында 34 млрд. 32 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2025 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 98,3 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 29 млрд 49 млн. теңгеге жетіп, 98,9 пайызды құрады..
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
24 млрд. 617 млн теңгені құрады немесе 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,6 пайызды құрады.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 8 млрд 926 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,3 пайызды құрады.
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 23650 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,1 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 5 млрд. 672,3 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 4 млрд. 538 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 104,6 пайызды құрады.
Мал шаруашылығы
2026 жылдың 1 маусымға ірі қара 87042 басты, уақ мал 144556 басты, жылқы 32558 басты, түйе 2259 басты, құс 28587 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 99,1 уақ мал 96,3 жылқы 106,8 түйе 113,8 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік.
2026 жылдың 1 маусымға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 5770 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 91,5 пайыз. (жеке кәсіпкер-3774, шаруа қожалық-1410, заңды тұлға-586) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 5589-ті құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 97,0 % -ға жетті.
Әлеуметтік сала
Аудан бойынша халық саны 85 437. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 864, жұмыспен қамтылған адам 35 148. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 23 370, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 11 778 адам.
Жұмыссыздық деңгей (1 716 адам) 4,7 пайызды құрады.