Ортақшыл ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

Ортақшыл ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

         «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған Ортақшыл ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер - 28615 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер - 797мың теңге;

         трансферттер түсімі - 27818 мың теңге;

         2) шығындар - 28615 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 0;

          аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа      

редакцияда жазылсын.

          аталған шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа      

редакцияда жазылсын.

          аталған шешімнің 3-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа      

редакцияда жазылсын.

  1. 2021 жылға арналған аудандық бюджеттен Ортақшыл ауылдық округ бюджетіне берілетін субвенциялар көлемі 27818 мың теңге сомасында көзделсін.
  2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. 

Шиелі  аудандық мәслихат                                    Шиелі  аудандық

сессиясының төрағасы:                                      мәслихат хатшысы:

          Ә. Абдуллаев                                                        Б. Сыздық

Дата публикации
14 декабря 2020