Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің міндеттерін орындауын уақытша тоқтата тұру және уақытша тағайындау туралы

Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің міндеттерін орындауын уақытша тоқтата тұру және уақытша тағайындау туралы

        

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының  
20-бабы 12) тармағы 2-бөлігіне және 4-бөлігіне сәйкес №287, №288, №289, №292, №294, №299, №365 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің міндеттерін атқаруды уақытша тоқтата тұруға және уақытша тағайындауға байланысты Шиелі ауданының  аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. №287 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі А.Кенбаева, №288 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Л.Әбілдаева, Н.Абенова, №289 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Р.Палжанова, №292 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі О.Төлегенов, №294 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Б.Баймағанбетов, №299 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі К.Алишева, №365 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Г.Амзеева  комиссия мүшесі міндеттерін сайлау науқаны кезеңінде уақытша орындауын тоқтата тұрсын.
  2. Сайлау науқаны кезеңінде уақытша міндеттерінен босатылған №288 учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің орнына Г.Абдукаликова, №299 учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің орнына Н.Кайбулдаева уақытша комиссия мүшесі болып тағайындалсын.
  3. Осы қаулы №288 және №299 учаскелік сайлау комиссияларына жолдансын және Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

     Шиелі ауданының аумақтық 

     сайлау комиссиясының төрағасы                                      М. Дулатов                  

 

     Шиелі ауданының аумақтық 

     сайлау комиссиясының хатшысы                                     Е. Оспанов

 

 

АСК-26/103

29.05.2026 ж.

 

 

Қаулы
Дата публикации
29 мая 2026