2026 жылғы 17 мамырда өткізілген
Иіркөл ауылдық округі әкімі сайлауының
қорытындысы бойынша енгізілген жарналарды қайтару
және жергілікті бюджеттің кірісіне айналдыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы
28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 2-тармағына сәйкес және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 17 мамырдағы Иіркөл ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы туралы хаттамаларының негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Иіркөл ауылдық округі әкімі болып сайланған кандидат Қ.Е.Ниязовтың және дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 11,34 пайызын жинаған кандидат Т.Б.Мусахановтың, 8,41 пайызын жинаған кандидат Н.Б.Еспембетовтың сайлау жарнасы қайтарылсын.
- 2026 жылғы 9 мамырдағы өтінішіне сәйкес кандидатурасын алып тастаған Иіркөл ауылдық округі әкіміне кандидат К.М.Махашовтың енгізген сайлау жарнасы жергілікті бюджеттің кірісіне айналдырылсын.
- Осы қаулының орындалуы келісім бойынша «Шиелі ауданы әкімі аппараты» КММ құжаттамалық қамтамасыз ету, бақылау және есеп бөлімінің бас инспектор-бас есепшісі А.Иманбердиеваға жүктелсін.
- Осы қаулы Иіркөл ауылдық округінің әкіміне кандидаттарға жіберілсін және Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
АСК-26/101
19.05.2026 ж.