2026 жылғы 21 маусымға тағайындалған Шиелі ауданының Жиделіарық ауылдық округтері мен Шиелі кенті әкімдерінің сайлауларын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Шиелі ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының 2026 жылғы 13 мамырдағы

№АСК-26/96-қаулысымен бекітілген

 

2026 жылғы 21 маусымға тағайындалған Шиелі ауданының Жиделіарық ауылдық округтері мен Шиелі кенті әкімдерінің сайлауларын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Шиелі кенті және Жиделіарық ауылдық округтері әкімдерінің (бұдан әрі – әкімдер) сайлауларын тағайындау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

2026 жылғ 13 мамыр

                                                                                                                 (113-1-б. 1-т. 1) тт.)

 

2. Әкімдер сайлаулары жөніндегі тиісті сайлау округтерінің шекараларын және Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсетіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 23 мамырдан кешіктірмей

(22-б. 2-т.)

 

3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 23 мамырдан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау 

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2026 жылғы 28 мамырдан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шиелі ауданының әкімдігі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2026 жылғы 28 мамырдан кешіктірмей  

(23-б. 5-т.)

 

6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2026 жылғы 14 мамырда басталады және 2026 жылғы 26 мамырда сағат 18:00-де аяқталады

(113-3-б.)

 

7. Әкімге болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б., 113-2-б.)

 

 

 

 

8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

 

10. Кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т.,9-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2026 жылғы 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады

Тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және            2026 жылғы 31 мамырда сағат 18:00-де аяқталады

(113-5-б.)

 

15. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы орган және Аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

18. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы орган және Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

19. Сайлау учаскелері бойынша тиісті әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Шиелі ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2026 жылғы 31 мамыр

(24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2026 жылғы 5 маусымнан бастап

(26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

2026  жылғы 10 маусымға дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2026  жылғы 18 маусымнан ерте емес және 20 маусымнан кеш емес

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

Сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

 

 

 

 

 

 

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сайлау күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

 

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесі бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                  

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы Аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну                                               

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  –дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауларының қорытындыларын белгілеу

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2026 жылғы 24 маусымнан кешіктірмей

(113-10-б.)

 

29. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2026 жылғы 27 маусымнан кешіктірмей

(44-б.)

 

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2026 жылғы 27 маусымнан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т. 2) т., 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Күнтізбелік жоспары
Дата публикации
13 мая 2026