Шиелі кенті және Жиделіарық ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 Шиелі кенті және Жиделіарық ауылдық округі

әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 1) тармақшасы негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шиелі ауданының Шиелі кенті және Жиделіарық ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2026 жылғы 21 маусымға тағайындалсын.
  2. Шиелі ауданының Шиелі кенті және Жиделіарық ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы аудандық «Өскен өңір» газетіне жариялансын және Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

Шиелі ауданының аумақтық 

сайлау комиссиясының төрағасы                                   М. Дулатов

 

Шиелі ауданының аумақтық  сайлау

комиссиясының хатшысы                                                Е. Оспанов

 

 

 

 

АСК-26/96

13.05.2026 ж.

Шешім
Дата публикации
13 мая 2026