«Төңкеріс ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №49/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Төңкеріс ауылдық округінің  2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №49/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1 бабына            және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес, Шиелі аудандық                 мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Төңкеріс ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №49/15 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7131 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1.Төңкеріс ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті                    1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:  

1) кірістер -130 496 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер - 2 188 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 128 308 мың теңге;

         2) шығындар -131 028 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) --532 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) -                 532 мың теңге;

         қарыздар түсімі –0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 532 мың теңге.».

         Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

 

Шиелі аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы

 

М. Салқынбаев

Шиелі аудандық мәслихат хатшысы

 

Б. Сыздық



Дата публикации
08 декабря 2020