«Шиелі кентінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №49/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Шиелі кентінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 1 032 345,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 112 575 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 298 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 919 472,3 мың теңге;
2) шығындар – 1 055 228,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 73 238,1 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 73 238,1мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 22 883,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 22 883,1 мың теңге;
қарыздар түсімі –73 238,1 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 22883,1 мың теңге.».
Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Шиелі аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
|
М. Салқынбаев |
|
Шиелі аудандық мәслихат хатшысы |
|
Б. Сыздық |