«Жиделіарық ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №49/24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Жиделіарық ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №49/24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Жиделіарық ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы                                    27 желтоқсандағы №49/24 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7116 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылы 11 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Жиделіарық ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті   1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:  

1) кірістер – 39969 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер - 633 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 39336 мың теңге;

         2) шығындар – 39969 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;

қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 0.».

         Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Шиелі аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы

 

М. Салқынбаев

Шиелі аудандық мәслихат хатшысы

 

Б. Сыздық

Дата публикации
08 декабря 2020