2026 жылғы 3 мамырда өткізілген
Ақтоған ауылдық округі әкімін сайлаудың
қорытындысын анықтау және жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2026 жылғы 3 мамырда өткізілген Ақтоған ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы №282 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
АСК-26/92
03.05.2026 ж.
Шиелі ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының 2026 жылғы 3 мамырдағы
№АСК-26/92 қаулысына қосымша
2026 жылғы 3 мамырда өткізілген Ақтоған ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАР
2026 жылғы 3 мамырда Шиелі ауданының Ақтоған ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақтоған ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №282 учаскелік сайлау комиссиясының және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Ақтоған ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 646 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 470 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 11 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 2.
Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.
Дауыс беру қорытындысымен:
Кандидат Ахметов Ержанбек Сүйіндікұлы үшін – 249 дауыс, кандидат Бейсенұлы Қуаныш үшін – 214 дауыс, кандидат Иманов Нариман Маратович үшін – 2 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен – 3 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Ахметов Ержанбек Сүйіндікұлы Шиелі ауданы, Ақтоған ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
2026 жылғы 3 мамырда өткізілген
Қоғалы ауылдық округі әкімін сайлаудың
қорытындысын анықтау және жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2026 жылғы 3 мамырда өткізілген Қоғалы ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы №272 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
АСК-26/93
03.05.2026 ж.
Шиелі ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының 2026 жылғы 3 мамырдағы
№АСК-26/93 қаулысына қосымша
2026 жылғы 3 мамырда өткізілген Қоғалы ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАР
2026 жылғы 3 мамырда Шиелі ауданының Қоғалы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Қоғалы ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №272 учаскелік сайлау комиссиясының және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Қоғалы ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 510 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 376 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 14 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 7.
Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.
Дауыс беру қорытындысымен:
Кандидат Базарбаев Зулхарнай Халилуллаевич үшін – 5 дауыс, кандидат Махамбетов Рамазан Еримович – 186 дауыс, кандидат Сейтов Газиз Мухамедиярович үшін – 178 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен – 0 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Махамбетов Рамазан Еримович Шиелі ауданы, Қоғалы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы