«Шиелі ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 26/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
. Шиелі ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 26/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шиелі ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
шешіміне қосымша
Шиелі аудандық
мәслихатының
2025 жылғы 28 ақпандағы
№ 26/8 шешімімен бекітілген
Шиелі ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
- Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған Шиелі ауданындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыларға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі. Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
- Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушылардың жиынтық кірісін "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен "Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептейді.
- Көрсетілетін қызметті алушылардың жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар деңгейі 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
- Тұрғын үй көмегін көрсетілетін қызметті алушылар үшін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстары кондоминиум объектісінің жалпы алаңы ішінде көрсетілетін қызметті алушының жеке меншік көлеміне байланысты айқындалады.
- Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығының 4-1. тармағына сәйкес нормалар шегінде есептейді.
Коммуналдық қызметтердi есептейтiн құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтiк нормасын есептеу кезiнде есептегiштер көрсеткiштерiндегi нақты шығындар, бiрақ белгiленген тарифтер мен нормативтерден артық емес қолданылады. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.
- Тұрғын үй көмегін көрсетілетін қызметті алушылар өздерiнiң тұрғын үйге меншiк нысанындағы, отбасы құрамының, оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерiстерi туралы уәкiлеттi органға 10 (он) жұмыс күнi iшiнде хабарлайды, көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.
- Тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеп соққан толық емес немесе жалған мәлімет ұсынылған кезде, тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады, ал артық немесе негізсіз алынған сомаларын көрсетілетін қызметті алушымен ерікті тәртіппен, ал бас тартқан жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен қайтаруға тиіс.
- Уәкілетті орган артық немесе негізсіз төленген тұрғын үй көмегін төлеу фактісі анықталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға артық төленген немесе негізсіз төленген тұрғын үй көмегін қайтару қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама жібереді.
- Тұрғын үй көмегін көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Шиелі аудандық бюджетінен ағымдағы қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.